Жетістіктер, айрықша сәттер, белгілі-бір уақыт туралы үнемі еске салып отыратын жазбасы бар атаулы марапатты алу өте жанға жайлы нәрсе. Сондай-ақ осы жетістіктерді бағалаған да және арнайы дайындалған марапатты ұсыну да аса жағымды болып табылады. Біз үшін Сіздің кәдесыйыңыз, жылы сезімдер мен жағымды әсер тудырғаны аса маңызды.
Төсбелгілер
Коллекция жинаудағы ең белгілі бірліктердің бірі – бұл төсбелгі. Кеудеге тағатын аксессуар металдан, құйылып жасалған, тегістелген, пластикті, құрамдастырылған болуы мүмкін, сондай-ақ түйреуіш, цанга, бұранда және т.б. тәрізді әртүрлі бекіткіштерден тұруы мүмкін. Логотипі бар төсбелгілер қызметкерлерге арналған ең сүйікті промо аксессуарлардың бірі болып табылады, ал бұл Сіздің брендіңізге деген танымалдылық пен қызығушылықты арттыра түседі.
Медальдар
Медальдармен еңбек еткен үшін марапаттайды, ал бұл әрқашан, кез-келген жаста құнды және абыройлы. Сондықтан медальдардың өзі бүгінгі таңда «алтын», «күміс», «қола» жанр классикасын ескере отырып, жаңа технологияларды пайдаланып кез-келген түсте, талғамда орындалуы мүмкін.
Кубоктар
Жеңіс туралы естелік жаныңды жылытады. Кубок естелік олжа ретінде көз қуантады. Атаулы кубок қатысқан іс-шара туралы ұмытылмас із қалдырады. Ал енді ойланып көріңіз, дәл Сіздің іс-шараңыз туралы еске түсіріп жатса тамаша емес пе?!
Мүсіншелер
Интерьерді кәдесыйлармен безендіру сәнге айналды және де егер Сіздің корпоративтік рәмізіңізді еске түсіретін эксклюзивті мүсінше құрмет сөресінде орын алатын болса, онда сол интерьер, Сіздің компанияңыздың қонақтарының қызығушылығын артыра түседі. Креативті мүсіншелерді әзірлеу және дайындау.
Құттықтау папкілері
Тері, табиғи барқыт тәрізді қымбат материалдардан дайындалған папкілер, мұқабасында атаулы қондырудан тұратын дизайнерлік материал айрықша жағдайлар мен маңызды адамдарға арналады. Папкілерге құттықтау адрестері, мақтау қағаздары, алғыс хаттар, сертификаттар салынады.