Онлайн
өтінім

3D технологиялар

3D БАСПА — БҰЛ ЖАЙ ҒАНА ТАР БАҒЫТТАҒЫ ҚЫЗМЕТ ЕМЕС

3D өндірістің шекарасы жоқ, ол адам өмірінің әр саласында болады. Және дәл Біз қызметтің кез-келген саласында Сіздің көмекшіңіз бола аламыз!

Төменде біздің жаңа қызметтің қолданылу салаларын атап көрсетеміз. Біздің жаңа технологияларымызды қажетсінетін Сіздің өз қызметіңізді табатындығыңызға БІЗ сенімдіміз:

  1. Архитектура
    Ғимараттардың, тұрғын үй/бизнес кешендердің және тіпті тұтас орамдардың архитектуралық макеттерін дайындау.
  2. Құрылыс
    Ірі және ұсақ габаритті обьектілердің құрылысына көмек беру.
  3. Ұсақ сериялы өндіріс
    Сіз өзіңіз жасай алатын және әлемдегі ешқандай да сату сөресінен таба алмайтын эксклюзивті заттар өндірісі. 3D баспасы әзірлеу сатысында тұрған тауарлардың тұжырымдамалық және таныстырылымдық үлгілерін дайындауда сондай-ақ өте пайдалы болмақ.
  4. Медицина
    3-өлшемді баспа стоматология саласында, тіс қаптамаларын дайындауда, протездеуде және бүтіндей алғанда медицинада өте пайдалы және тиімді. Ең бастысы – ол алға қойылған міндет.
  5. Қиялдағы нәрсені өз мүсіншең түрінде өрнектеу
    Кез-келген кино немесе мультфильм кейіпкері киіміндегі өз мүсіншеңді жақындарыңа сыйлау, немесе үйлену тойындағы күйеу жігіт пен қалыңдықтың мүсіншелерін естелік түрінде сыйлау жақсы естелік болмақ.
  6. Білім
    Неғұрлым тиімді оқыту үшін және жаңадан шыққан «робот техникасы» үшін де барлық оқытылатын пәндерге арналған үлгілер, көрнекі құралдар пайдалы. 3D баспа экологиялық тұрғыдан таза өндіріс болып табылады және сенімді материалдарды пайдаланады, сондықтан зияны жоқ және балаларды оқытуда пайдалы.
  7. Кәдесый өнімдері, ойыншықтар
    Кез-келген күрделіліктегі эксклюзивті кәдесыйларды дайындау, тираждық ойыншықтардың түптұлғаларының өндірісі.
  8. Функционалдық тестілеу және түптұлғаларды дайындау
    Әзірленген механизмді тестілеуге арналған бөлшектер өндірісіндегі мінсіз талдап тексеру. Үлкен партияны шығару алдында таныстыру, тестілеу және бекіту үшін буып-түйілетін өнімдердің түптұлғаларын дайындау.
  9. Зергерлерге арналған балауыздық түптұлғалар
    Зергерлердің жұмысын жеңілдету үшін кез-келген күрделіліктегі зергерлік әшекейлердің балауыз үлгілерін әзірлеу.
  10. Киім, аяқ киім – Фэшн индустрия
    Топтамаға киімдердің, аяқ киімдердің креативті үлгілерін өндіру үшін және күрделі нысандарды орындау үшін аса берік материал қажет болған жағдайда көмекке 3-өлшемді өндіріс келеді.
  11. Геоақпараттық жүйе
    Аймақ ландшафты көрсетілетін көлемді карталарды басып шығару.