By NAIRAkz жарнама полиграфиясы
«Полиграфия» сөзін естіген кезде бірінші келетін ой – ол визиткалар. Ал визиткалар туралы естіген кезде «Визиткалар 5 теңгеден?!» деген сұрақ туындайды. Сіздің ойыңызға дәл осылардың келетіндігін мойындаңызшы; ) Егер шын мәнісінде олай болмаса, онда Сіз біздің баспадан шыққан өнімді қолыңызбен ұстап, сезініп көрген адамдар қатарынансыз.
NAIRA жедел полиграфия орталығы
Тек қана «НАИРА»-да Сізді шын мәнісінде жедел полиграфия күтеді, себебі тез және сапалы қызмет көрсету – ол біздің әр клиентіміздің қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Полиграфияға тапсырыс беріңіз, бағалар сізді міндетті түрде қанағаттандырады. Бізге жедел жарнама полиграфиясын сеніп тапсырады!
Конверттер
Кез-келген форматтағы, мөрмен және түрлі материалдан конверттер дайындау. Конверттер мекен-жайлық, құттықтауға арналған, сондай-ақ маңызды құжаттар сақтауға арналған қаптама түрінде де болуы мүмкін.
Визиткалар
Адам, ұйым туралы байланыстық ақпараттың қағаз тасымалдағышы. Стандарттық өлшемде болады, пішіні бойынша үшкір және дөңгелектелген бұрышты болуы мүмкін. Әртүрлі санаттағы және фактурадағы қағаздан, пластиктен, синтетикалық материалдардан дайындалады.
Плакаттар
«Афиша» деп те аталатын плакаттар – ол ақпараттық бейнесі бар қысқа мәтін жиынтығы. Көбінесе үлкен форматтарда басылады.
Флаерлер
Флаерлер – ол ақпараттық, жарнамалық парақшалар. Стандартты өлшемдегі, таратуға арналған материал. Көбінесе жұқа немесе орташа тығыздықтағы қағазда басылады.
Буклеттер
Екі немесе одан артық фальцтардан тұратын, орташа тығыздықтағы, екі жақтан басып шығарылатын қағаз парағы.
Күнтізбелер
Күнтізбелердің бірнеше түрлері болады: аудармалы үстел үстілік, үстел үстілік «үйшік», қабырғалық аудармалы, қабырғалық тоқсандық, қалта күнтізбесі. Сондай-ақ олар дербес дизайнда орындалуы мүмкін: корпоративтік, отбасылық, белгілі-бір тақырыпта және т.б.
Ашық хаттар, шақыру билеттері
Мазмұнына стильдендірілген бейне, құттықтау/шақыру мәтіні кіретін карточка. Ашық хаттар, шақыру билеттері стандартты форматта, сондай-ақ кез-келген стандартты емес пішінде де болуы мүмкін. Әртүрлі санаттағы тығыз қағаздан дайындалады (дизайнерлік, синтетикалық және т.б.). Аталған өнімді дайындаудың бірінші кезеңі – ол дизайнды әзірлеу. Олар корпоративтік, ресми түрде, сонымен қатар отбасылық, бейресми, әзілге құрылған және т.б. түрде болуы мүмкін.
Магнитшелер
Магниттік негіздегі кәдесый. Жалпақ, толықтүсті бейнеде, жұмсақ және қатты негізде, көлемді, дара пішінде болуы мүмкін. Отбасылық, сондай-ақ корпоративтік іс-шараларға тамаша сыйлық.
Брендтелген қорапшалар
Логотип және толықтүсті бейне қондырылған, кез-келген пішін мен көлемдегі қораптар. Аталған қораптар әдемі презент үшін арналған, Сіздің сыйлықтарыңыздың шашырамай және сыйлау барысында ортақ көлемді пішінде болуы үшін арналған.
Сертификаттар, дипломдар, алғыс хаттар
Марапаттау, орын беру, дәреже беру туралы мәтіні бар ресми хат. Көбінесе А4 форматында басылады, кез-келген стилистикада әдемі жиектемемен ресімделеді және алғыс айту мәтіні үшін қолайлы шрифт таңдалады. Басып шығару үшін әртүрлі фактура мен тығыздықтағы қағаздар ұсынылады.
Концерт билеттері
Ақпарат (күні, уақыты, орны және т.б.) пен бейнені көрсетіп, көбінесе толықтүсті баспамен тығыз қағазда басылады. Әртүрлі пішінде және өлшемде, жыртылатын бөлігімен немесе онсыз болуы мүмкін. Билеттерді қолдан жасау мүмкіндігінің алдын-алу үшін қосымша қорғаныш функциясы пайдаланылады.
Бейдждер
Пленкалы қорғауыш қабаты бар тығыз қағаздан, сондай-ақ толықтүсті баспадан тұратын пластиктен дайындалған, дайын қалташаларға салынатын қосымша парақтан тұратын тығыз қағаздан дайындалуы мүмкін. Аталған түрлер бауларда, түйреуіштерде, ланьярд-ленталарда ілінеді, олар сондай-ақ брендтелуі мүмкін. Бейджиктерді дайындаудың екінші түрі – магнитті бекіткішпен лазерлік нақыштау әдісін пайдаланып металдандырылған пластиктен дайындалады.
Қабырға карталары
Қазақстанның, әлемнің, қаланың, облыстардың ресми және «жаңа» карталарын басып шығару. Әртүрлі түрдегі багетке шыны астында ресімделеді.
Биговка папкалар
Көлемді қалтасы бар А4 форматындағы қағаздарға арналған конверт. Толықтүсті баспамен тығыз қағаздан дайындалады.
Қатты түптеме
Дипломдық жұмыстардың, есептердің, кітаптардың, куәліктердің, қаптамалардың қатты түптемесі. Түптеме бумвинил, балакрон, баладек стандартты материалдарынан, түрлі-түсті баспамен және көрнекі түрде болуы үшін теріден дайындалуы мүмкін. Мұқабалар лазерлік нақыштама, тікелей баспа, бедерлеу, жібек трафареттік баспа түрлерін қондыру арқылы ресімделеді.
Көшіру, тарату
Парақтарды үлкен көлемде а/қ баспамен көбейту (мысалы, жүкқұжаттар, түбіртектер, бланктер, хабарландырулар және т.б.).